USD
USD
USD

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері халықпен қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында 26 маусым күні Алматы қаласының Медеу ауданындағы коммьюнити-орталығында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Думан және Думан-2 шағынаудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Алматы
Фото: Алматы

Алматы, NEGE. Іс-шараның мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу. Кездесу барысында департамент өкілдері азаматтарға қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары, жеке деректерді қорғау шаралары және күмәнді қаржылық схемаларға қатысудан сақтану тәсілдері туралы жан-жақты түсіндірді.

Тұрғындар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз жағдайларымен бөлісті. Әсіресе, қаржы пирамидаларын тану, онлайн-алаяқтықтың алдын алу және күмәнді жағдайларда құқық қорғау органдарымен тиімді өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай кездесулерді өткізу – мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтудың, азаматтардың құқықтық санасын арттыру мен мүдделерін қорғаудың маңызды қадамы болып табылады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар