USD
USD
USD

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қамауға алынды

Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамауға алынды.

Ержан Бабақұмаров
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды.

Сотта анықталғандай, жол полицейлері оны 2025 жылы 29 қаңтарда сағат 03:15 шамасында Астана қаласы А.Төлебаев көшесімен «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатқанда тоқтатқан. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Бабақұмаровтың жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ержан Бабақұмаровты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» бойынша кінәлі деп таныды.

Сот оны 15 тәулікке қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі