USD
USD
USD

Алматы қалалық күрес федерациясына жаңа басшы келді

Алматыда қалалық грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының есеп беру-сайлау конференциясы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт
Фото: Федерацияның баспасөз қызметі

Алматы NEGE. Жиынға басшылар мен бапкерлер, спортшылар мен балуандар шоғыры қатысып, үздік нәтижелер мен болашаққа қойылған жоспарларға тоқталды. Конференция барысында маңызды мәселелер талқыланды.

Отырыс барысындағы маңызды өзгерістердің бірі – Федерация басшылығының ауысуы болды. Қазіргі басшы Айдар Беркімбаев қоныс ауыстыруына байланысты қызметінен кетіп, танымал кәсіпкер әрі меценат Омар Әлиевтің кандидатурасын ұсынды. Оның кандидатурасы қатысушылар тарапынан толығымен қолдау тапты.

Жиында сөз алған Омар Әлиев қаладағы күрес саласын дамытуға, спорттағы балалар мен жастардың үлесін арттыруға ерекше күш салатынын, өзіне сенім білдіргендерге алғысын айтты. Бір қызығы, жаңа басшының өзі де бұрын күреспен айналысып, қазіргі таңда балуандарға жиі көмек беріп келеді.

Сонымен қатар, күрестің дамуына зор үлес қосып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін Айдар Беркімбаевқа Қазақстан күрес Федерациясы президентінің алғыс хаты табысталды.

Конференцияға қатысушылар бапкерлер мен спортшыларға U-17 және U-23 жас санаттарындағы Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетуді тіледі.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жүргізуші куәлігінсіз адам қағып кеткен әйелдің жазасы кейінге қалдырылды

со  үкімі

Ресейде Қазақстаннан жеткізілген көліктер үшін 1 млн рубльге дейін қосымша төлем талап етілуде

утильалым

Францияда аптап ыстықта көлікте қалған екі бала көз жұмды

Аптап ыстық

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Бурабай