USD
USD
USD

Алматы хостеліндегі өрт: Сот үкімі шықты

Алматыда 13 адам өлім құшқан хостелдегі өрт ісіне қатысты сот процесі аяқталды. 

Хостел
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бір жарым жылға созылған хостелдегі өртке қатысты іске нүкте қойылды. Үкімді Алмалы аудандық сотының судьясы Ернар Қасымбеков шығарды.

Айыптау залында үйді жалға алушы Әділбек Мұхамедьяров пен өрт қауіпсіздігі жүйесін орнатумен айналысатын компания иесі Александр Пекельник болды.

Сот Әділбек Мұхамедьяровты кінәлі деп танып, оны 5 жылға режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті. Ол 2024 жылдың наурыз айынан бері үйқамақта болған, сондықтан ол сот залында қамауға алынды.

Александр Пекельник кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ең төменгі режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Судья сотталушылардың кінәсі толық дәлелденгенін түсіндірді. Санитарлық нормаларды бұзу және жұмысқа жауапсыз қарау салдарынан жатақханадағы 13 адам өрттен құтыла алмаған.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті