USD
USD
USD

Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе ICAO басшысы Сальваторе Шаккитаномен кездесті

2025 жылғы 9 шілдеде Қазақстанға ресми сапары аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитано Алматы халықаралық әуежайына келді.

Алматы әуежайы
Фото: Алматы әуежайы

Алматы, NEGE. Ресми делегация құрамында ICAO-ның Солтүстік Атлантика аймақтық бюросының директоры Николас Ралло, Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева және Қазақстанның ICAO жанындағы тұрақты өкілі Тимур Тлегенов болды.

Алматы әуежайы
Фото: Алматы әуежайы

Қонақтарды Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе өзі қарсы алып, әуежайдың халықаралық терминалы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді. Делегация заманауи жабдықталған, әуежайдың негізгі операциялық процестеріне жауап беретін жаңартылған «Әуежайдың операцияларын басқару орталығымен» танысты. Сондай-ақ, қонақтар Алматы халықаралық әуежайының тарихы мен дамуына арналған бірегей авиация мұражайында болды.

Экскурсиядан кейін тараптар ресми кездесу өткізді, онда азаматтық авиацияны дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Негізгі назар инфрақұрылымды жаңғырту, тұрақты даму, экологиялық басымдықтар мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдерді енгізу мәселелеріне аударылды.

Сальваторе Шаккитано Алматы әуежайының халықаралық стандарттарға сай үнемі дамуға ұмтылысын жоғары бағалады. Ол әуежайдың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жетістіктерін, экологиялық жауапты шешімдерді енгізуді, сондай-ақ авиациялық сектордағы гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған бастамаларын ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ICAO халықаралық стандарттары аясында әуе тасымалының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бастамалар бойынша одан әрі ынтымақтастық және бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін растады.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция