USD
USD
USD

Алматыда Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Түрксіб ауданы тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдауға қатысты

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру іс-шаралары аясында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Түрксіб ауданы тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау жұмысына қатысты.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті
Фото: Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Алматы, NEGE. Іс-шара Алматы қаласы Түрксіб ауданының Комьюнити орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Қоғамдық қабылдауға сондай-ақ Алматы қаласының прокуратурасы мен Полиция департаментінің өкілдері де қатысты.

Іс-шара барысында аудан тұрғындарына білікті заңгерлік кеңестер беріліп, көлеңкелі экономикаға және қаржылық құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл шаралары туралы маңызды ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, экономикалық саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті
Фото: Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және қоғам мен құқық қорғау құрылымдарының тиімді өзара іс-қимылына ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі