Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған ер адам мұндай әрекетке не себепті барғанын түсіндірді

2025 жылдың 7 сәуірінде Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратов мұндай әрекетке неге барғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Зейнеткердің айтуынша, оған жұмыс орнында үш ай бойы жалақы төленбеген.
«8 наурызға қосымша ақша табуды көздегем. Сейфуллин көшесіне барған, бірақ ешқандай жұмыс таппадым. Автобусқа мініп, үйге қайтып келе жатқам. Телефонымдағы хабарландыруларды қарап, әуежайға қалай жеткенімді байқамай қалдым. Отбасымда қиындықтар болды, әйелім мен ұлыма жалақымды бермей жатқанын айта алмадым. Әуежайға барып, ішіне кірдім», – деді сотталушы.
Ол терроризм актісін жасауға және адамдарды кепілге алуға ниеті болмағанын айтты. Тіпті басқа қалаға ұшуды да жоспарламаған.
«Қыз менен құжаттарымды сұрады, мен қазір қайта шығамын дедім. Бірақ ол мені тоқтатты. Қалай болғанын білмеймін, эмоцияға беріліп кеттім. Ол жерде полицейлер бар еді, мені атып тастайды деп ойладым. Мен қызға тыныштал дедім, бірақ ол айқайлай берді. Полиция назар аударды бірден. Сосын әуежайды жарып жіберемін деп қалай айтқанымды білмеймін. Сосын мен ештеңе талап етпейтінімді, жағдайды түсіндіру үшін басшылықты шақыруды сұрадым. Содан әуежай қызметкерлері келіп, талаптарымды сұрады. Неге екенін білмеймін, мен Астанаға жұмыс іздеп барғым келетінін айттым. «Әуежайды басып алу және жару жоспарым болған жоқ», – деп жалғастырды ер адам.
Оның айтуынша, жәбірленушінің өзі оны кепілге алуға итермелеген, ал полиция баяу әрекет еткендіктен, оны қатаңырақ әрекет етуге мәжбүрлеген.
«Полиция өзі кідіріп қалды. Кинода полиция дереу көмекке барады, бірақ мұнда қорықты. Мен де қызды аяп тұрдым, ол жылап отырды. Сол кезде бір адам келді. Бірақ менің біреуді пышақтайтын немесе жарып жіберетін ойым болған жоқ», – деп түйіндеді Баратов.
Ал, жәбірленуші Ботагөз Мұхтарова сотта шабуыл кезінде қатты қорқып кеткенін айтты.
«Ол басында үш минуттан кейін әуежайды жарып жіберемін деп айтты. Мені ұстап алды. Бәрі кенет болды, мен бұл менің соңым деп ойлап, бетімді жауып алдым. Менен ештеңе талап етпеді, бірақ әуежайды жарып жіберемін деді. Мені жіберсін деп көмек сұрадым. Бір адам келіп, мені босатып, кепілге соны алуын сұрады. Кішкентай балам бар деп жылап, айқайладым...», – деп бөлісті бойжеткен.
Бұған дейін сот сотталушының өз кінәсін толық мойындағанын, қылмыстық іс мерзімінен бұрын тоқтатылғанын, сот отырысының қысқартылған тәртіпте өтетіні белгілі болды
2025 жылдың 7 наурызында Алматы әуежайында пышақ ұстаған ер адам қызды кепілге алған. Оны әуежайға танысын ертіп бара жатқан Мұса Әбдірайымов есімді жолаушы аман алып қалған. 8 наурызда Алматыда оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлық табыс етілді.