Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы әуежайының аумағына кіру және шығу схемасы өзгеруі мүмкін

Алматы әуежайының аумағына көліктерге кіру және шығу схемасы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының президенті Альп Эр Тунга Ерсой мәлімдеді, деп хабарлады Kazinform.

Алматы әуежайы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қазір Алматы әуежайының аумағына машиналар Майлин көшесі арқылы кіріп, шығады. Бұл әуежайға кіру және шығу кезінде қосымша кептелістер тудырады. Дегенмен, қазір әкімдікпен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Біз әуежайға Ахметов көшесімен кіріп, Майлин көшесі арқылы шығуды ұсындық. Бұл мәселе әкімдікпен бірлесіп пысықталып жатыр. Шешім қабылданғаннан кейін біз өздеріңізге қосымша хабарлаймыз», - деді Альп Ер Тунга Ерсой.

Оның айтуынша, Алматы әуежайына күн сайын 16 мыңға жуық көлік кіреді. Оның 65 пайызы жолаушыларды әкеп тастайтындар немесе алып кететіндер.

«Біз жолаушыларды түсіру және алып кету үшін қосымша желіні жасадық, бірақ, өкінішке қарай, барлық жүргізуші, әсіресе қарбалас уақытта, әуежайдың тұрақ аймағындағы ережелерді сақтай бермейді, олар көліктерін жолдың ортасында қалдырады немесе сол жерде түсіреді. Жаңа терминалға келер болсақ, біз оны пайдалануға бергеннен кейін бізде автокөліктерге арналған қосымша үш жол желісі болады», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда медициналық қызметтерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

диагностика

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат