USD
USD
USD

Алматы әуежайындағы оқиға: Полицейлерге қатысты қызметтік тексеріс басталды

Көліктегі полиция департаменті Алматы әуежайында қызды кепілге алған ер адамды ұстауға қатысқан қызметкерлердің әрекетін бағалады. 

Кепілге алды
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. «Полиция қызметкерлері оқиға орнында Алматы әуежайының өкілдерімен бірлесіп, жағдайды жедел шешті. Шабуыл жасаған ер адам қызметкерге агрессия көрсеткенін ескере отырып, олар әуежай терминалында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көзделген алгоритмге сәйкес әрекет етті», - делінген хабарламада. 

Көліктегі полиция департаменті аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Оның нәтижелеріне сәйкес, құқықтық баға берілетін болады.

Еске сала кетейік, 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам қызметкерді кепілге алып, пышақпен қорқытпақ болған. Алайда оқиға орнында болған азамат қаскүнемді әңгімеге тартып, оңтайлы сәтте оның қолындағы пышақты тартып алған. Қылмыскердің мұндай әрекетке не себепті барғаны әлі анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші