USD
USD
USD

Алматы әуежайында өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы белгілі болды

Оқиға 2025 жылдың 25 тамызында сағат 22:06-да Алматы қаласының әуежайындағы «Т-1» терминалының кассасында болған.

Әуежай
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Ер адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлады Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Жағдайы аса ауыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр», – деді ведомствода.

Аталған факті бойынша Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның мұндай қадамға баруына азаматтық некедегі жұбайымен арадағы жанжал себеп болған. Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы