USD
USD
USD

Алматы әуежайында қызды кепілге алған күдіктіге қатысты сот басталады

Түрксіб аудандық сотында Алматы әуежайында қызды кепілген алған күдіктіге қатысты сот басталады.

Алматы
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалған.

Кепілге алу (ҚР ҚК-нің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) — мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі) — 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК-нің 273-бабы) — 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Еске сала кетейік, 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам қызметкерді кепілге алып, пышақпен қорқытпақ болған. Алайда оқиға орнында болған азамат қаскүнемді әңгімеге тартып, оңтайлы сәтте оның қолындағы пышақты тартып алған. Қылмыскердің мұндай әрекетке не себепті барғаны әлі анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер