USD
USD
USD

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер зардап шекті

Әлеуметтік желіде FlyArystan компаниясына тиесілі ұшақтан қою түтін шығып жатқаны түсірілген бейнежазба тарады. Компания өкілдері мән-жайды түсіндірді.

өрт шықты
Фото: Видеодан кадр/t.me/kris_p_almaty_kz

Астана, NEGE. FlyArystan өкілдерінің мәлімдеуінше, бүгін, яғни 28 тамызда әуе кемесіне жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізу кезінде өрт шыққан.

«Жұмыстарды жүргізу кезінде жергілікті жерде өрт шықты. Оны әуежайдың жедел қызметтері дереу сөндірді. Air Astana тобының қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол емханадан үйіне қайтарылды», – делінген компания хабарламасында.

Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар мен экипаж мүшелері болмаған. Ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды.

Қазіргі уақытта Air Astana тобы Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, өндірістік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf

Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Халықаралық бизнес университеті