USD
USD
USD

Алматы әуежайында белгіленбеген жерде темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды

Алматы әуежайында белгіленбеген жерде темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы әуежайы
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Тбилиси-Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ жанында темекі шеккен шетелдік жолаушыны анықтады. Бұған Қазақстан заңнамасымен тыйым салынған.

Тексеру барысында Қытай Халық Республикасының 24 жастағы азаматы анықталды. Құқық бұзушы белгіленбеген орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, оған 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 32 мыңнан астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, оның ішінде белгіленбеген жерлерде темекі шеккені үшін 1021 азамат жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі