USD
USD
USD

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге қаржы желге ұша жаздады

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге сомасына дивидендтер заңсыз төленген. 

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, ірі сомадағы дивидендтер акционер болып саналмайтын заңды тұлғаға төленген.

«Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қызметінде кемшіліктерді анықтаған.

Бұл стратегиялық нысанның активтері мен даму мүмкіндіктерін төмендетіп, оның қаржылық тұрақтылығына әсер етті», – делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері бойынша тиісті қаражат әуежайдың шотына толығымен қайтарылған. Министрлік бұл қаржы Алматы әуежайын дамытып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен басқа да сервистерді жақсартуға бағытталатынын атап өтті.

«Тексерулер 22%-ға қысқарып, анықталған бұзушылықтар сомасы 36%-ға ұлғайды. Жүргізілетін әр тексерудің үштен бірінің тиімділігі артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 400,0 млрд теңге қайтарылды», – делінген ресми ақпаратта.

Бұған қоса 1,2 млрд теңге көлемінде айыппұл өндірілген.

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу