USD
USD
USD

Алматы әуежайында рейстер уақытша тоқтатылды

2024 жылғы 20 желтоқсан күні сағат 20:45-тен 23:00-ге дейінгі аралықта Алматы қаласы әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты әуе кемелерін қабылдауды уақытша тоқтатады.

Алматы әуежайы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта Алматы әуежайынан 9 рейстің ұшуы, 12 рейстің келуі кешіктіріліп, 2 рейс тоқтатылды.

«Әуе рейстері, ең алдымен, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешігіп жатыр. Бұл азаматтық авиацияның басты басымдығы. Кешіккен рейстер ұшу кестесінің өзгеруіне себеп. Осыған байланысты жолаушыларға өз рейстерінің мәртебесі мен ұшу уақытын әуежай мен әуе компанияларының анықтама қызметтерінен алдын ала нақтылауға кеңес береміз», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай