USD
USD
USD

Алматы, Астана қалаларында жаңадан жатақхана салған инвесторға мемлекеттен субсидия төленеді

ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, университеттер жанынан да жатақханалар салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жатақхана
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE.Былтыр Алматы қаласында Қазақ-Британ техникалық университетінде 900 орынға арналған жатақхана салынды. Биыл Алматы қаласында нархоз университетінде және Солтүстік Қазақстанда Қозыбаев университеті қасынан 1200 орынға арналған жатақхана пайдалануға беріледі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унвиерситетінде, еуразия ұлттық университетінде жатақхана салу жұмыстары жүргізілуде.

«Ал жекеменшік әріптестік саласында осы университеттермен өзара консорциум құрып, жекеменшік жатақханалар ашылуда. Министрлік бұл проблеманы университеттердің жанынан жатақхана салу, сондай-ақ жкеменшік мемлекеттік әріптестік шеңберіндегі механизмді пайдалану арқылы шешпек. Алматы, Астана қалаларында жаңадан құрылыс бастап, жатақхана салса, инвесторға онда тұрған әрбір студент үшін жылына 230 АЕК мемлекеттен субсидия төленеді. Осылайша, 6 жыл ішінде құрылыс жұмысына жұмсалған қаражатты қайтаруға толық мүмкіндік бар», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Елімізде жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі 2018 жылдан бері мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде шешіліп келеді. Осы күнге дейін 50 966 орынға есептелген жатақхана салынды.

Қазір оқып жатыр

Астанада қонақ үй кәрізінен шала туған сәби табылды

шақалақ

Ақтауда жоғалып кеткен бозбаланың мәйіті судан табылды

жоғалған бозбаланы іздестіру

Бітіру салтанатында диплом жыртқан түлек желіде кешірім сұрады

диплом

Қазақстанда жас кәсіпкерлер саны азайып кеткен

жеке кәсіпкерлік