2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алматы әкімдігі үлескерлерді тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады

Алматыда үлескерлердің қаражатын тартуға ресми рұқсат алған 28 тұрғын үй кешенінің тізімі жарияланды.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Бұл тізім 2025 жылы маусымдағы ҚР «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерден кейін ерекше маңызды бола түсті.

Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің тізімі:

• «Каспий» тұрғын үй кешені – Алатау ауданы, «Интерэкс и компания» ЖШС

• AiSafi тұрғын үй кешені – Алатау ауданы, «Интерэкс и компания» ЖШС

• Arena city Life A тұрғын үй кешені – Алатау ауданы, «Алтын сапа НС» ЖШС

• Arena city Sport тұрғын үй кешені – Алатау ауданы, «Алтын сапа НС» ЖШС

• Jar-Jar тұрғын үй кешені – Алатау ауданы, «Golden Gate Construction» ЖШС

• Arena city Life B тұрғын үй кешені – Алатау ауданы, «AC 6» ЖШС

• «Әуезов сити» тұрғын үй кешені – Алмалы ауданы, «Familia House» ЖШС, «Fiesta Construction» ЖШС

• Tarlan – Алмалы ауданы, «Altyn Mura Almaty» ЖШС, «Primer Building» ЖШС

• «Ривьера» тұрғын үй кешені – Бостандық ауданы, «Clover Construction» ЖШС

• Abaya 130 тұрғын үй кешені – Бостандық ауданы, «AST Partners» ЖШС

• Lumiere тұрғын үй кешені – Бостандық ауданы, «Есентай Corporation» ЖШС

• Satpaev тұрғын үй кешені – Бостандық ауданы, «Hit Building» ЖШС

• Verdi тұрғын үй кешені – Бостандық ауданы, «Astana Realty Plus» ЖШС

• «Клубный дом 44» тұрғын үй кешені – Бостандық ауданы, «BI Group Almaty» ЖШС

• Vesper тұрғын үй кешені – Бостандық ауданы, «Sapphire Stroy» ЖШС

• Benelux тұрғын үй кешені – Бостандық ауданы, «Қоянқұс Building» ЖШС

• Maxima city тұрғын үй кешені – Жетісу ауданы, «KazSMU» ЖШС

• Raaf Park – Медеу ауданы, «Exclusive Star» ЖШС

• Dream City Tech-A-B – Медеу ауданы, «СК Акбулак-2» ЖШС

• «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешені – Наурызбай ауданы, «Vivat Building» ЖШС

• White Residence тұрғын үй кешені – Наурызбай ауданы, «Alatau Sky Village» ЖШС

• Dream City Family A-D – Түрксіб ауданы, «Сармат групп» ЖШС

• Dream City Family F-G – Түрксіб ауданы, «Almaty Engineering Solution» ЖШС

• Parasat II – Түрксіб ауданы, «Parasat II» ЖШС

• Dream City Family K-L – Түрксіб ауданы, «Almaty Engin Solution» ЖШС

• Rams Saiahat тұрғын үй кешені – Жетісу ауданы, «Sayahat Realty» ЖШС

• Altai City тұрғын үй кешені – Түрксіб ауданы, «Elif Construction» ЖШС

• «Атмосфера» тұрғын үй кешені – Түрксіб ауданы, «Titan Development» ЖШС

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы маусымда «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді. Заң бойынша құрылыс компаниясына үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ болса, бірегей оператордың кепілдік шарты жасалмаса, не банк арқылы жобалық қаржыландыру жүзеге аспаса, көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді жарнамалауға тікелей тыйым салынады.

«Азаматтарға алғашқы нарықтағы күмәнді мәміледен сақтану үшін баспана сатып алмас бұрын құрылыс салушының рұқсат құжаттарын мұқият тексеруге кеңес беріледі», — делінген хабарламада. 

Бұған дейін жобалық-сметалық құжаттама бекітілген жағдайда жарнама беруге рұқсат беретін норма да алынып тасталды.

Сондай-ақ заңға «жеке тұрғын үйлер кешені» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл нысандарға да заңда белгіленген талаптар толық көлемде қолданылады.

Құжаттарды тексеру үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады: 

– Құрылысқа рұқсат — +7 (705) 896-6000

– Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат — +7 (727) 240-8000

Қазір оқып жатыр

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов