USD
USD
USD

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Бұған дейін желіде Алматыдағы отбасылық «Family Park ойын-сауық саябағы сүріліп, орнына тұрғын үй кешені салынуы мүмкін» деген сыбыс шыққан еді. Алайда қала әкімдігі бұл ақпаратты теріске шығарды.

Family Park
Фото: bala-kkk.kz

Астана, NEGE. Әкімдік өкілдері қаланың Бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, Family Park аумағы қоғамдық демалыс аймағы мәртебесін сақтайды деп сендіреді.

«"Family Park аумағында тұрғын үй кешендері немесе басқа да нысандар салынады" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Саябақтың нысаналы мақсатын өзгерту қарастырылмаған. Қазіргі таңда тек саябақ аумағын кешенді жаңарту, көріктендіру және жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін оны мемлекеттік басқаруға қайтару мәселесі қарастырылып жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Family Park қала тұрғындары мен қонақтарының демалысына арналған қоғамдық кеңістік ретінде қызметін жалғастырады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды

Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсімі

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз

Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек