USD
USD
USD

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Жер учаскелері жер заңнамасының талаптарын бұза отырып сатылған.

Алматы
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық прокуратура хабарлады. 2004 жылдан 2020 жылға дейін Алматы қаласының әкімдігі жалпы пайдаланымдағы жерлерді тізімнен заңсыз алып тастап, билборд орнату және қызмет көрсету үшін сауда-саттық өткізбей жеке меншікке берген.

«Сот Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызын қанағаттандырып, жалпы алаңы 0,298 га жол бөлінген белдеуде жеке меншіктегі 649 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды», – деп хабарлады қадағалаушы орган өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз бергені анықталды. Қалалық прокуратураның қадағалау шараларымен заңсыз ұсынылған 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті