USD
USD
USD

Алматы әкімі Ерболат Досаев жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді

Қалалық полиция департаменті штаттық режимде жұмыс істейді.   

Жер сілкінісі, Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр, онда одан әрі іс-қимыл жоспары талқыланып жатыр.

Қаланың тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі қосылған.

Қаланың полиция департаменті штаттық режимде жұмыс істеуде.

Барлық мектеп мен балабақша ашық, халықты жинау пункттері жұмыс істеп тұр.

Жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көп бейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және таратпауларыңызды сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев