Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

Мерекелік іс-шаралар Абай алаңында өткен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты отбасылық фестивальден басталып, қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды құттықтады.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. «Алматы әрқашан алдыңғы шепте болып, оң өзгерістердің жарқын үлгісі болуы керек, бұған бар күшімізді, білімімізді және тәжірибемізді жұмсаймыз. Алматыны әрбір адам өз үйіндей сезінетін жайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыру – біздің қолымызда», – деді мегаполис басшысы.

Қала басшысы дәстүр бойынша қаланы дамытуға үлес қосқан азаматтарды «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады.

Олардың қатарында көзі нашар көретін суретші Алексей Уткин, кескіндемеші Ерболат Төлепбай, композитор Ерұлан Қанафиянов, ақын Ұлықбек Есдәулет, техника ғылымдарының докторы Жұмабай Байнатов, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнәр Нұрланова, құрметті ұшқыш Дмитрий Душимов және кәсіпкер, меценат Нұрлан Смағұлов бар.

Сонымен қатар, құрметті атақ Мемлекеттік қуыршақ театрына берілді.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел