USD
USD
USD

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданына жұмыс сапарымен барды

Шұғыла шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысын көрді.

Алматы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан нысан мектеп тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтап, аумақты көркейту жөнінде тапсырма берілді.

«Премьера» қазандығы кеңейтілгесін қуаты артады. Әкім жылыту маусымына дайындықты уақытында аяқтауды тапсырды.

№15 интернатта құрылыстың мерзімінен кешігіп жатқаны анықталды. Мердігерге нақты іс-қимыл жоспарын бір апта ішінде ұсыну тапсырылды. Әйтпесе, келісімшарт бұзылып, сотқа шағым беріледі.

Қала басшысы тұрғындар кеңес алып, өтініш бере алатын Полицияның сервистік орталығының жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, әкім аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуде сауда орталығы мен театр құрылысынан бастап, ретсіз автотұрақтар мен аулаларды көркейту мәселесіне дейінгі тақырыптар талқыланды.

Сапар нәтижесінде әлеуметтік нысандардың құрылысын жеделдету, кіреберіс жолдарды жақсарту және барлық жұмыстың сапасын бақылауды күшейту жүктелді.

Қазір оқып жатыр

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр

8 мың Ақтөс бар: Қазақстанда үй жануарларына қойылатын танымал есімдер аталды

Ит пен мысық

Алғашқы Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясы 71,17% дауыс жинап, жеңіске жетті

Құрылтай сайлауы