USD
USD
USD

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Oxford Economics  әлемдегі ең ірі мың қаланың күшті және әлсіз тұстарын, сондай-ақ болашақтағы даму әлеуетін көрсететін Global Cities Index рейтингін жариялады. Қазақстан қалаларының ішінде Алматы жаһандық рейтингте 265-орынға жайғасқан. Астана 281-орын, ал Шымкент 550-орында тұр.

Алматы
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Алматының жалпы нәтижесіне адами капитал көрсеткіші айтарлықтай әсер еткен. Бұл санатта қала 66-орында және әлемдегі қалалардың үздік 20%-ына кірген. Экономика бойынша Алматы 288-орында, өмір сапасы бойынша 269-орында тұр.

Астанада керісінше, экономика көрсеткіші Алматыдан жоғары. Елорда бұл санатта 264-орын алды. Адами капитал бойынша Астана 98-орында, өмір сапасы бойынша 360-орында орналасқан. Бұл екі көрсеткіш бойынша да қала әлемдегі қалалардың үздік жартысына кіреді.

Шымкент жалпы рейтингте 550-орынды иеленген. Қалада салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіштер адами капитал мен өмір сапасы бойынша байқалады – тиісінше 346 және 444-орын. Ал экономика көрсеткіші 629-орында.

Үш қала үшін де қоршаған орта мәселесі рейтингтегі әлсіз көрсеткіштердің бірі болды. Алматы бұл санатта 845-орында, Шымкент 898-орында, ал Астана 630-орында тұр. Алматы мен Шымкент осы көрсеткіш бойынша әлемдегі қалалардың төменгі 15%-ына кірген.

Басқару көрсеткіші бойынша үш қала да бірдей нәтиже көрсетті – 622-орын.

Жалпы рейтингте Алматы мен Астана әлем қалаларының үздік жартысына кірсе, Шымкент төменгі 40% қатарында орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты