USD
USD
USD

Алмат Сақатов үкіметке үндеу жолдады

"Қазақстандағы орташа айлық 286 мың теңге". Алмат Сақатов билік басындағыларға шүйлікті. Ол мұндай статистиканың ақылға қонымсыз екенін айтып, жоғарыдағыларға үндеу жолдады.

Алмат Сақатов үкіметке үндеу жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жақында бір министрдің "Қазақстанда орташа айлық 286 мың теңге" дегенін естідім. Мұндай санды қайдан аласыздар?

Қашан бізге әділеттілікпен бөліп бересіздер? Тазалаушы, күзетші, қарапайым жұмыс істеп жүрген азаматтардың ақшасын қашан көтересіңдер?" - деп ашынды актер. 

Желі қолданушылары Сақатовты қолдады. 

"Тоқ бала аш баламен ойнамайды", "Министр 1 млн 600 мың алады. Орташа айлық содан шығады", "Мен де бұндай айлықты естіп, шок болдым. Көршім күзетші болып істейді, 40 мың алады", "Орташа айлық 65 мың теңге", - деді желі қолданушылары.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу