USD
USD
USD

Алмат Кебіспаев әлем чемпионатындағы белдесуге қатысты пікір білдірді

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Алмат Кебіспаев жартылай финалда жеңілуінің себебін түсіндірді деп жазады Olympic.kz. 

 Алмат Кебіспаев әлем чемпионатындағы белдесуге қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тактикалық тұрғыдан қателіктер болды. Басында өзім кілемнен шығарам деп жүріп, аяғымды дұрыс ұстамай, біраз ұпай беріп қойдым. Негізі, өзім төрттағанда жиі қате жіберетінмін. Ослода бұл жағынан проблема болған жоқ. Есесіне, тік тұрып күрескенде қарсыласқа жол берген кездерім бар. Ресейлік балуанға берген ұпайымды қайтарамын деп, жанталасып әдіс жасауға көштім.

Қасымда Боранбек ағайым болған жоқ. Кейін ол кісі менің асығып кеткенімді, алға ұмтыла бермей, төрттағанды күтпегенімді айтты. Мүмкін, сырттан берілетін ақыл-кеңес жетпеген шығар», - деді Алмат. 

Айта кетелік, Ослодағы әлем чемпионатының жартылай финалында Кебіспаев ресейлік Назир Абдуллаевтан ұтылған болатын. Қола медаль үшін күресте түрік балуаны Мұрат Фыратты ұтты. 

Қазір оқып жатыр

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК