USD
USD
USD

Алмас Кішкенбаев өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді

Алмас Кішкенбаев өзіне қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды. 

Алмас Кішкенбаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оған 17 жастағы курьер балаға қол жүгіртті деген айып тағылған болатын. Полиция департаменті ақпаратты растаған. Алайда әнші бұл іске өзінің қатысы жоқ екенін алға тартты. 

«Ашуланып отырмын. Ешкім қарамайтын сапасыз арналарға түрлісін шығарады. Оны халық көрмейді, олар инстаграмдағы анонсты көреді де, қорытынды шығарады. Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу, қайдағы біреу демей-ақ қояйын, ол да адам баласы. Бірақ мен оны мүлдем танымаймын. Неге мен мүлдем танымайтын адаммен байланыстырады?» – деді Алмас Кішкенбаев. 

Сот кабинетінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, Алмас Кішкенбаевтың ісі сотқа түскен. Әншіге қатысты іс 3 ақпанда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. 

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық