USD
USD
USD

Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамалды

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде Алмас Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Полиция
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған.

«Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді. 434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Сонымен қатар, жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды», - делінген Алматы соттары тартқан мәліметте. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, оған 17 жастағы курьер балаға қол жүгіртті деген айып тағылды. Полиция департаменті ақпаратты растаған. Алайда әнші бұл іске өзінің қатысы жоқ екенін айтқан болатын. 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті