18 Мамыр 13:05
...

Алмалы ауданының бюджеті екі есеге артты

Фото:

Қаржыландыру көлемінің артуы әкімдіктерге жаңа өкілеттілік беру аясында барлық ауданда іске асты. 

Алматы, NEGE. Алмалы ауданының бюджеті 9-дан 18,8 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. 1 сәуірден бастап жүргізіліп жатқан децентрализация аясында аудан әкімдігіне 15 функцияны берумен бірге бюджет те ұлғайған. 

«Мұндай өзгерістер қаланың барлық аудандарына оң әсер ететініне және аудан әкімдеріне алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосымша септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді әкім.

Сонымен қатар, Алмалы ауданында 28 подстанция реконструкцияланады

Жыл соңына дейін Алмалы ауданында 50 шақырым электр желісі жөнделіп, 28 қосалқы станция жаңартылады. Бұл шаралар электр желілерінің тозуын 61%-ға дейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда АИЖК бағалауы бойынша тозу 81%.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап мамырға дейінгі аралықта электр желілерінде 93 апат тіркелді. Бұл мәселені шешу үшін жыл басынан бері 6 қосалқы станция жаңғыртылып, 19 км тозған электр кабель желілері ауыстырылды.

Алмалы ауданында 25 км көше жөнделеді.

Аудандық маңызы бар 11 көшені және жалпы ұзындығы 25 км болатын 5 магистралды көшеге орташа жөндеу жұмыстары маусым айында басталады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлінді. Абай даңғылы – Тілендиев көшесінен Достық даңғылына дейін, Байзақов көшесі – Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейін және т.б. көшелер қамтылады. 

«Децентрализация аясында биыл аудан әкімдіктері жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізе бастайды. Бұл үшін Алмалы ауданына 500 млн теңге бөлінді, шара 46 мың м2 жол төсемін жөндеуге мүмкіндік береді», - деді әкім.

Алмалы ауданында 1500 орындық жаңа мектеп салынады.

Алмалы ауданында оқушы орындарының тапшылығымен байланысты ахуал салыстырмалы түрде қалыпты жағдайда. Оқушылардың жалпы контингенті 37 мың оқушы кезінде тапшылық 1 мың орыннан сәл асатынын жеткізді.

Биыл Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында 1,5 мың орындық жаңа мектептің құрылысы басталады. Бұл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қолға алынған. Құрылыс 2024 жылы аяқталады.

Ал тамыз айында №136 мектеп-гимназияны күрделі жөндеп, сейсмикалық күшейту үшін сараптама қорытындысын алу көзделген. Сонымен қатар, екі мектепке: №16 мектепке 300 орындық және №58 мектепке спорт залы мен акт залына қосымша ғимараттар салынады.

Тегтер: