USD
USD
USD

Алмалы ауданында 15 жоба жүзеге асырылады

Бүгін өңірлік коммуникация қызметінің алаңында Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы кезеңнің жоспарлары туралы айтып берді.

Алмалы ауданында 15 жоба жүзеге асырылады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы бойынша «Бюджетке қатысу» пилотты жобасы қолға алынған. Оның аясында азаматтар жобаларды таңдауға және оны жүзеге асыруға қатысады. Ол үшін қала тұрғындары Open Almaty порталы арқылы өз ұсыныстарын береді әрі оны көпшілік талқылайтын болады.

«Өткен жылы «Бюджетке қатысу» пилотты жобасы қолға алынды, оған көп дауыс жинаған өтінімдер енді. Ал биыл жалпы сомасы 240,4 млн теңге болатын 15 жобаны жүзеге асыратын боламыз. Оның 3-уі қоғамдық кеңісттіктерді абаттандыру бойынша, олар: Гагарин даңғылы бойындағы Шевченко және Жамбыл көшелері арасындағы Жамбыл атындағы сквер, Жамбыл-Розыбакиев және Жамбыл-Қожамқұлов көшелері қиылыстарындағы бос аумақтар, сонымен қатар аула іштеріндегі 5 балалар және спорт алаңдары», – деді Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев.

Ауданды абаттандыру бойынша сөз қозғаған әкім 2019 жылы 2 жаңа алаң салынғанын, 23-інің жөнделгенін айтты. Өткен жылы 3 жаяу жүргіншілер көшелері реконструкцияланды және модернизацияланды, олар: Жібек Жолы, Байсейітова және Дүйсенов көшелері. Тастақ ықшамауданының орталығы кеңейді, Прокофьев көшесінің Төле би көшесінен Брюллов көшесіне дейінгі бөлігі ретке келтірілді.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме