2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алма Мұқанова әділет вице-министрі қызметінен босатылды

Алма Мұқанова әділет вице-министрі қызметінен босатылды.

Алма Мұқанова Әділет вице-министрі қызметінен кетті
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Үкіметтің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, Алма Мұқанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі қызметінен босатылды. 

«Алма Қайратқызы Мұқанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі қызметінен босатылсын», - делінген Үкімет қаулысында.

Еске сала кетейік, Алма Мұқанова бұл қызметке 2022 жылғы сәуірде тағайындалған болатын.

Алма Мұқанова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, The University of Warwick (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «ҚазРуно» АҚ маманы болып бастаған. Әр жылдары «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ маманы, Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасы және қорғаныс саласындағы заңнама басқармасы сарапшысының м. а., сарапшысы, бас сарапшысы, Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің экологиялық заңнама және өнеркәсіп пен көлік саласындағы заңнама басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2017-2021 жылдары – Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары болған. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер