USD
USD
USD

Алма-Арасан бұлағына апаратын жол бір айға жабылады

2025 жылы 3 маусым мен 3 шілде аралығында «Алма-Арасан» автотұрағынан бастап термалды бұлаққа дейінгі туристік маршрут уақытша жабылады.

Алма-Арасан
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл шектеуге «Қыздың көз жасы» сарқырамасы мен «Терра» алаңқайы да кіреді.

Жоба аясында көпірлерді бұзу, жаңалау, соқпақтарды жаңарту, баспалдақтар мен көріктендіру нысандарын орнату жоспарланған. Бұған дейін, 12 мамырдан бастап дайындық жұмыстары жүргізілген: беткейлер тазартылып, қорғаныс құрылымдары орнатылып, маршрут күшейтілген. Маршрут жұмыс, демалыс және мереке күндері де толықтай жабық болады. Жұмысты 31 шілдеге дейін (ауа райына байланысты өзгерістер болуы мүмкін) аяқтау жоспарланып отыр.

Жоба заманауи, қауіпсіз әрі экологиялық таза туристік маршрутты қалыптастыруға бағытталған.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде бұл шектеулерді ескеруге кеңес беріледі.

Қазір оқып жатыр

Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Харри Кейн

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»