USD
USD
USD

Алкоголь өнімдерін шығаратын жалған цех анықталды

Көкшетауда алкоголь өнімдерін шығаратын жалған цех анықталып, 200 литр спирт тәркіленді. 

Алкоголь өнімдерін шығаратын жалған цех анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 тамызда Көкшетау қаласының Гоголь көшесінде ер адамның алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысатыны туралы ақпарат түскен.

«Полиция қызметкерлері 16 тамызда айтылған мекенжайда алкоголь өнімдерін құю цехын анықтады. Жерасты цехын облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Цехты тексеру барысында полиция 200 литр этил спиртін, 40 блок контрафак темекі өнімін және алкоголь құюға арналған арнайы ыдыстарды тапты», - деді ведомстводан.

Тәркіленген сұйық үлгілері сараптамаға, сондай-ақ тұтынушылар денсаулығына қауіптілігін анықтау тұрғысынан зерттеуге жіберілді. Материал Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот