USD
USD
USD

Алкоголь өндіретін заңсыз цехтар анықталды

Түркістан облысында жалған есепке алу-бақылау таңбаларын қолдана отырып, контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтар анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-каналы жазды.

Алкоголь өндіретін заңсыз цехтар анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Суррогат алкоголь өнімінің негізгі бөлігі көбінесе антисанитариялық жағдайда, астыртын цехтарда қолдан жасалған. Халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті.

Түркістан облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімін өндіру бойынша екі цехтың қызметін тоқтатты.

«Жүргізілген жедел-тергеу шаралары барысында Түркістан және Шымкент қалаларында орналасқан жалға алынған қойма үй-жайларында антисанитариялық жағдайда суррогат алкоголь өнімін өндіру бойынша екі жасырын цех ұйымдастырылғаны анықталды», - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев