USD
USD
USD

Әлия Раева Герман Гмайнер сыйлығына үміткер

Параолимпиада спортшысы қазақстандық Әлия Раева қоғамның дамуына қосқан үлесі және жетістіктері үшін Герман Гмайнер сыйлығын алуға дауыс берудің ақтық кезеңіне өтті.

Әлия Раева Герман Гмайнер сыйлығына үміткер
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетім балаларға арналған отбасылық үлгідегі SOS-балалар ауылы ұлттық кеңсесінен мәлім еткендей, жеңімпаз дауыс санына қарай анықталады. Әлия қазір екінші орында.

«Әлия Алматыдағы SOS-балалар ауылында өскен. Оған дүниеге келген кезде балалар сал ауруы диагнозы қойылған, осыған байланысты ол жастайында бірнеше ауыр ота жасатты. Дәрігерлер қыздың жүре алмайтынын айтқан. Бірақ, жақындарының қолдауы мен өзінің ерік-жігерінің арқасында бұл диагнозды жеңіп шықты.

Әлия аяққа тұрып, толықтай білім алды, сүйіктісін кездестіріп, отбасын құрды. Қазір жұмыс істеп жатыр, алға жаңа мақсаттар қойған.

Ол қазір қоғамдық ұйымда жұмыс істеуде, басқа адамдарға қол ұшын созып жүр. Әлияның бастан өткерген оқиғасы Герман Гмайнер сыйлығын ұйымдастырушыларын таңғалдарды. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан 200 үміткердің арасынан финалға шықты.

Дауыс беру 23 шілдеге дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов