USD
USD
USD

 Әлия Назарбаева әлеуметтік желілердегі парақшасын өшіріп тастады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева Instagram мен Facebook желісіндегі жеке парақшасын өшіріп тастады.

 Әлия Назарбаева әлеуметтік желілердегі парақшасын өшіріп тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасын өшіріп тастаған. Znak порталының мәліметінше, бұған Instagram-ның оның орнасласқан жерін Біріккен Араб Әмірліктері деп көрсетуі себеп болуы мүмкін. 

Енді оның Instagram және Facebook-тегі парақшаларына кірсеңіз, енді: "Иесі парақшаны жойған немесе оған кіруге шектеу қойған болуы мүмкін" және "Сіз жарамсыз сілтемені пайдаланған болуыңыз мүмкін немесе бет жойылды" деген хабарламаларылары шығады. 

Еске салсақ, бұған дейін Әлия Назарбаева отбасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктер жайлы пікір білдірген еді.

«Елімізде болып жатқан қайғылы оқиғаларға жүрегім ауырады. Зардап шеккендер мен қаза болғандарға қайғысы мен өкінішін жеткізуге сөз таппай отырмын. Қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл бәрімізге сабақ болатын тарихымыздағы соңғы оқиға болсын. Адамдардың бейбіт кезеңде көз жұмып жатқаны дұрыс емес», – деп жазды Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алайда желі қолданушылары оның орналасқан жері Біріккен Араб Әмірліктері ретінде автоматты түрде анықтағанын байқаған. 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті