USD
USD
USD

Әлия Молдағұлованың бұрын жарияланбаған суреті табылды

Ақтөбе мұражайы Әлия Молдағұлованың бұрын жарияланбаған суретін тапты. 17 жастағы батыр қыздың суреті оның сыныптасының мұрағатынан анықталды, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Әлия Молдағұлованың бұрын жарияланбаған суреті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлия құрбысымен 12 жасқа дейін Бұлақ ауылында бірге оқыған. Бірақ кейін Ленинградқа көшіп кеткен. Десек те ол досымен хабар үзбей, хат алмасып тұрған. Осындай хаттардың бірінде Әлия өзінің майданға аттанар алдында түскен суретін салып жіберіпті. 

"Әлияның суреттері өте аз. Біздің экспозицияда оның әскери билетіндегі бір ғана кішкентай фотосурет, сондай-ақ балалар үйінде және Артектегі демалыс кезіндегі суреттері бар. Әлияның бой жеткендегі суреттері жоқтың қасы. Фотосуретті алған бойда, біз фотосуреттің шынайылығын дәлелдеу үшін зерттейміз", - деді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім басшысы Гүлбаршын Ерғалиева. 

Суретке шамамен 80 жыл болған. Фотосуреттің көшірмелері тарихшыларға жіберілді. Тиісті зерттеулерден кейін сурет Ақтөбе облыстық музейінің қорына берілмек.

Айта кетейік, Әлия Молдағұлова Псков облысында болған соғыста қаза тапты. Соғыста мерт болған мергенге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.