USD
USD
USD

Әлия Юсупова Халықаралық гимнастика федерациясының құрметті жаттықтырушысы атанды

Қазақстан көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды, деп жазады Olympic.kz.

Әлия Юсупова
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. 30-31 мамыр күндері Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға "Құрметті бапкер" атағы берілді.

Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқаруда.

Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Париж Олимпиадасында Эльжана Таниева көркем гимнастикадан ел намысын қорғайды.

Әлия Мақсұтқызы Қазақстан намысын Олимпиадада абыроймен қорғаған алғашқы гимнаст. Ол 2004 жылғы Афины Олимпиадасында 4, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 5-орын алған.

Одан бөлек, Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның абсолютті чемпионы.

Қазір оқып жатыр

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті

Алматы облысында панажай иесі қаза тапты: 90 иттің тағдыры не болады?

Владимир Тепляков