USD
USD
USD

Әлия Назарбаева бұрынғы күйеуімен НЕГЕ соттасып жүр?

Nege.Aqsha телеграм каналына қызық дерек келіп түсті. Ресми мәліметке қарағанда, экс-президент Н.Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева екінші күйеуімен соттасып жүр.

Димаш Досанов
Фото: Коллаж NEGE

Біздің қолға келіп түскен деректерге көз жүгіртсек, Н.Назарбаевтың бірінші әйелінен туған үш қызының кенжесі Әлия Назарбаева күйеуі Димаш Досановтан ресми түрде ажырасып кеткен. Ол енді бұрынғы күйеуімен соттасып жүр.

Тұрақты оқырмандарымыздан жеткен ақпаратқа сенсек, Ә.Назарбаева мен Д.Досанов биылғы жылдың 14 қазанында ресми түрде ажырасқан және Алматы қаласының соты арқылы балаларының кіммен бірге тұратынын анықтаған. Білуімізше, балалары Ә.Назарбаевамен бірге қалған көрінеді.

Ә.Назарбаева мен Д.Досановтың ажырасып кеткені туралы әңгіме ақпараттық кеңістікте өткен жылы пайда болған. Бұған Д.Досановтың бұрынғы әйеліне барып жүргені себеп болған-мыс.  

Назарбаев
Бұрынғы құдалар. Фото: ғаламтордан

Естеріңізге салайық, Димаш Досановтың жасы 43-те. Қаңтар бүлігіне дейін ол «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болған. Ә.Назарбаева екеуінің екі баласы бар. Ал «қоғам қайраткері», «кинопродюсер» әрі «Мемлекеттік сыйлықтың иегері» Әлия Назарбаева 1998-2001 жылдары Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың келіні болған.

Қазір оқып жатыр

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ