Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алишер Усмановтың яхтасы тәркіленді

Гамбург билігі ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасын тәркіледі.

Алишер Усмановтың яхтасы тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Журнал дереккөздерінің мәліметінше, Усмановтың шамамен 600 миллион доллар тұратын 156 метрлік Dilbar яхтасын қала билігі тәркілеген. 2020 жылдың қазанынан бастап яхта Гамбург кеме зауыттарында қайта жабдықтау үшін болған. 

Басылым мәліметінше, миллиардер яхтаны 2016 жылы 600 миллион долларға Lürssen кеме жасау компаниясынан сатып алған. Яхта жеке тапсырыс бойынша 52 ай көлемінде дайындалған. Фирма өкілдері бұл «көлемі жағынан да, технологиясы жағынан да бұған дейін жасалған кемелердің ішіндегі ең қиыны екенін» айтқан.     

Сыйымдылығы 15 917 тонна, бұл жалпы сыйымдылығы бойынша әлемдегі ең үлкен моторлы яхта және әдетте оның экипажы 96 адамнан тұрады. Dilbar яхталардағы ең үлкен бассейн бар, сондай-ақ екі тікұшақ алаңы, сауна, сұлулық салоны, спортзал және 12 люкс бар.

Усманов Украинадағы жағдайға байланысты санкциялар тізіміне енгізілген.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел