USD
USD
USD

Әлішер Кәрімов  ұзақ жылдан дертті екен

Ең алғаш музыкалық байқау арқылы қалың көпшілікке танылған Әлішер Кәрімов – өнерде тасы өрге домалаған әншінің бірі. Үнемі ізденіп, жаңа имидж қалыптастырып жүрген әншінің көрермен білмейтін сыры көп.

Әлішер Кәрімов  ұзақ жылдан дертті екен
Фото: NEGE.kz

Осы уақытқа дейін сырқаты жайлы ешбір сұхбатында жақ ашпаған Кәрімов бұрын-соңды ешкімге айтпаған, басынан өткен қиын кезеңдерін әлеуметтік желіде парақшасына жазды.  Бала кезінде сколиоз ауруына шалдығып, омыртқа жотасының қисаюы салдарынан пайда болған дерттен қатты қиналып келгенін айтады. Жылдар өте ауруы асқынған Кәрімов Кореяда омыртқасына ота жасатуға мәжбүр болыпты. Ол арнайы бейнеролик жүктеп, сырқаты жайлы жазба қалдырды.

 «Әлі есімде, мен 15 жасымда сырқаттанып қалдым. Омыртқам қатты мазалай бастады. Мектепте оқып жүрген кезім. Бастапқыда өзімді бірқалыпты сезінетінмін, ешбір жерім ауырмайтын, сырттай да аса қатты білінген емес. Кейіннен арқамның оң жағында дөңес пайда бола бастады. Сөйтсем, ол омыртқаның қатты қисайып кетуінен екен. Уақыт өте жағдайым ушығып, ақыр соңында сол жақ қабырғам көріне бастады. Әрине, жас жігіт болған соң, сырт көзден ұялып, тіпті, өзіме ұнаған киімді кие алмайтынмын. Адамдармен жақын қашықтықта жүруге де қысылатынмын, себебі, алға шығып кетсем бірден байқап, омыртқамдағы олқылық жайлы сұрап қалуы мүмкін еді. Барлық сахналық киімдерімді де ешбір деффект байқалмайтындай етіп қайта тігуге тура келетін. Уақыт өте елден жасырып жүрген дерт асқына бастады. Тез шаршап қаламын. Мәселен, екі сағат ән айту үшін бес сағат бойы қимылдамай жату керек. Өз-өзіме келіп, қайта тұру үшін кейде бес сағаттың өзі аздық ете бастады. Кейіннен маған тек ота жасату керек болды. Басқа таңдау жоқ. Бірақ, ота жасатуға қолымда қажетті қаражат болмады. 9 жыл өткен соң мен Кореяға ұшып келдім. Профессор сырқатымның асқынып кеткенін, маңызды таңдау жасау керектігін айтты. Осылайша өткен жылы мен 11 сағатқа жалғасқан  ауыр отаны басымнан өткіздім», – деп жазды Кәрімов.  

 Айта кетейік, қараша айының 25-26 күні Республика сарайында концерті өтеді. Еркін қозғалып, аяққа тұрған Әлішер Кәрімовтің денсаулығы оңалып келеді.

Ұлжан Айнақұлова

 

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy