USD
USD
USD

Әлішер Ерғали мен Олег Болтин финалда белдеседі

Нұр-Сұлтандағы "Жекпе-жек" сарайында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр. Olympic.kz еркін күрестен екінші жарыс күнінде финалға шыққан спортшылар тізімін ұсынады. 

Әлішер Ерғали мен Олег Болтин финалда белдеседі
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. 65 келіде Әділ Оспанов (Қарағанды облысы) пен Санжар Досжанов (Қарағанды облысы) алтын жүлдені сарапқа салады.

70 келідегі финалдық бәсекеде Амандық Бәкеев (Ақтөбе облысы) пен Талғат Сырбаз (Атырау облысы) белдеседі. 

86 келідегі ақтық сында Азамат Дәулетбеков (ШҚО) пен Абылайхан Нұрсұлтанов (Ақтөбе облысы) күреседі. 

92 келіде Әділет Дәулембаев (Алматы) пен Омар Жұмаш (Алматы облысы) чемпиондық атақты сарапқа салады. 

Ал 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы) мен Олег Болтин (ШҚО) өзара мықтыны анықтайды. 

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар