USD
USD
USD

Алыс жолға шықпаңыз!

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше тас жол жабылды. 

Алыс жолға шықпаңыз!
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҚазАвтоЖол» ЖШС ауа райының суытуына байланысты республиканың автожолдарында қозғалысты тоқтатты», – деді мекеменің баспасөз қызметі. Сондықтан да жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Ақтөбе облысында 1 қаңтарда сағат 02:00 – ден бастап қар, боран және нөлдік көрінуіне байланысты Республикалық маңызы бар Самара – Шымкент (773-853 км, Белогорка-Хромтау) автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сондай-ақ, сағат 00:30-дан бастап қар, боран және нөлдік көрінуіне байланысты Ақтөбе – Орск (45-75 км, Бадамша – Ақтөбе – Орск автожолына дейін), Ақтөбе – Болгар – Шұбарқұдық (17-191 км, Сазды – Ақтөбе-Астрахань автожолына дейін) облыстық маңызы бар Донское-Бадамша автожолының учаскелерінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

1 қаңтар күні сағат 03: 00 – ден бастап Қостанай облысында нашар көрінуіне және боранға байланысты облыстық маңызы бар Қостанай – Веденка (5-97 км, Қостанай-Веденка) автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарға ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді, SMS-хабарлауды бақылауға кеңес береді.

Жолдардағы көрінудің нашарлауына және көктайғақтың болуына байланысты ережелерді сақтамау қайғылы салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. Автокөлік иелеріне жылдамдық режимін сақтау, қозғалыс маршруттарын түзету немесе алыс сапарлардан мүлдем бас тарту ұсынылады.

Егер төтенше жағдайда болсаңыз, 112 құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Еңбекті қорғау туралы заң