USD
USD
USD

«Әліппе» мен «Ана тілі» оқу бағдарламасына қайта оралды

 Келер жылдан бастап бірінші сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілі» оқиды. 

«Әліппе» мен «Ана тілі» оқу бағдарламасына қайта оралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Нақтыласақ, оқу жылының екі тоқсанында «Әліппе», үшінші және төртінші тоқсанында «Ана тілі» кітабын қолға алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фэйсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір бірыңғай бағдарлама жасаумен айналысатын жұмыс тобы құрылған. Оқулықтар әзірленіп жатыр. Әліппе Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалады. Ал орыс тілінде білім алатын сыныптарда «Букварь» мен «Обучение грамоте» пәндері жүргізіледі. Бағдарламалар мен оқулықтар дайын болған соң бірқатар мектепте сынақтан өткізіледі. Кейін барлық мектептерге енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов