USD
USD
USD

Алып қашу: Жігіт 7 жылға сотталуы мүмкін

Аспаз қызды Тараздағы донер сататын жерден үйлену мақсатында ұрлап әкеткен. Полицейлер қызды үйіне қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Алып қашу: Жігіт 7 жылға сотталуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 21 тамыз күні сағат 00.30-да кезекші бөлімге хабар келіп түскен. Онда облыс орталығындағы дәмханаларының бірінде 20 жастағы аспаз қыз ұрланғаны айтылған.

Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері бейтаныс қызды оның келісімінсіз үйлену мақсатында ұрлап кеткен адамды ұстады. Ол Талас ауданының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 2-бөлігі 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қыз үйіне қайтарылды.

Жамбыл облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 2-бөлігі 125-бабына сәйкес, қызды ұрлап кеткен жігіт төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігін ескертті.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов