USD
USD
USD

Әлімханұлының The Ring журналындағы рейтингі көтерілді

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы Францияның экс-чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңгеннен кейін The Ring тізімінде алтыншы орынға шықты.

Әлімханұлының The Ring журналындағы рейтингі көтерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басылымның мәліметінше, орта салмақтағы чемпион жоқ, бірақ тізімде тағы бір қазақстандық, IBF және IBO белдіктерін иеленген Геннадий Головкин көш бастайды. Үштікке екі америкалық - Гермалл Чарло мен Деметриус Андраде кіреді.

WBA чемпиондық белбеуінің иегері америкалық Эрисланди Лара тізімде жоқ. Оның орнын екі жыл бойы жекпе-жекке шықпаған жапон боксшысы Риота Мурата басты.

Әлімханұлы Головкиннің тағы бір қарсыласы Сергей Деревянченконың сәтсіз жекпе-жегінен кейін тізімде алға жылжыды. Украиналық Карлос Адаместен жеңіліп, қазақстандыққа журналдың үздік 10-ына кіруге көмектесті.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар