USD
USD
USD

Әлімханұлы Лас-Вегасқа барды

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) өзінің Лас-Вегасқа келгенін мәлім етті. Мұнда ол 26 маусым күні орта салмақ санатында WBA Regular бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жұдырықтасады.

Әлімханұлы Лас-Вегасқа барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз Лас-Вегастамыз. Сенбі күні Вегаста үлкен жаңалықтар болады және бүкіл әлем бұл туралы білетін болады. Вегаста не болып жатқаны Вегаста қалмауы керек. Мен қазақ мәнерін көрсетемін», – деп жазды Жәнібек Twitter-де.

Әлімханұлы – Брант жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 27 маусым күні 08:00 шамасында басталады.

Соңғы рет Жәнібек шаршы алаңға қазан айында шыққан болатын. Ол кезде аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) нокаутпен жеңген еді. Роб Брант өзінің соңғы айқасын 2020 жылдың тамыз айында өткізіп, бесінші раундта украиналық Виталий Копыленконы (28-3, 16 КО) нокаутқа жіберді.

Қазір оқып жатыр

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

.