USD
USD
USD

Алименттен қашып жүргендерден 30 млн теңге өндірілді

Өткен жылы Алматыда алимент төлемеген 58 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық әділет департаментінің әкімшілік тәжірибе бойынша аумақтық бөлімінің жетекшісі Лаура Абуова айтты. 

Алименттен қашып жүргендерден 30 млн теңге өндірілді
Фото: NEGE.kz
 

Алматы, NEGE. «Алимент төлеуді қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін ата-аналар (қамқоршылар) қажет. Осылайша, жұмыс істемейтін борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін департамент Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, карантиндік шараларды ескере отырып, борышкерлерді жұмысқа орналастыруға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Оған 15-тен астам ірі компания қатысты», - деді ол.

Бұл жәрмеңкелердің нәтижесінде 57 борышкер жұмысқа тұрды.

Жұмыстар әртүрлі бағытта, сондай-ақ, еңбекақысы 150 мың теңгеден асатын есепші, экономист, күзетші, жүргізуші, құрылысшы және басқа да мамандықтар ұсынылды.

Лаура Әбуованың айтуынша, кейбір борышкерлер қандай да бір ішкі сенімі мен себептерге байланысты алимент төлегісі келмейді.

«Бұл - ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал, бір-біріне деген реніш және басқа болуы мүмкін. Осыған байланысты департамент балаларымызға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында азаматтарымызға психологиялық қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Біздің ойымызша, алимент төлеуші ата-ана бұл тек материалдық көмек емес, ең алдымен, бұл балаға деген қамқорлықтың көрінісі екенін білуі керек. Себебі, бала өсе келе ата-анасының қамқорлығын, қадір-қасиетін және ертеңгі күнге деген сенім беріп жатқанын түсінеді», - деді спикер.

2021 жылы Алматыда 45-тен астам отбасының ата-анасы қайта табысып, алимент төлеу мәселесі өзекті болмай қалды.

Сондай-ақ, өткен жылы 103 бітімгершілік келісім жасалған.

Сонымен қатар, 2021 жылы алимент өндіру бойынша 58 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бес тәулікке дейін 30 әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылды.

Қылмыстық жауапкершілікке 6 борышкер тартылды. Алимент өндіріп алу бойынша борышкерлер 30 миллион теңгеден астам қаражат төледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстаннан Қырғызстанға құны 37 млрд теңге болатын 190 мың тонна бензин заңсыз шығарылған

бензин контрабандасы

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланды

жер сілкінісі

Қазақстанда электр самокаттарының тротуарлармен жүруіне тыйым салынады

Электр самокаттар

Ресей Қазақстаннан бензин жеткізу жөнінде келіссөз жүргізуде

бекет