USD
USD
USD

Алимент төлеуден қашып жүрген әйел ұсталды

Павлодар облысының полициясы алимент төлеуден жалтарып жүрген 192 адам мен 95 борышкердің жүрген жерін анықтады. 

Алимент төлеуден қашып жүрген әйел ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биыл Павлодар облысындағы көші-қон полициясының қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып жүрген 192 адам мен 95 борышкердің жүрген жерін анықтады», – деп баяндады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Осылайша, алимент төлемей, 2019 жылдан бері іздеуде болған 27 жастағы ер адам Алматы қаласынан табылды. Сонымен қатар, алимент төлеу әйел адамға жүктелетін жағдайлар да жиі кездеседі.

«Шымкент қаласында тұрған әйел осындай жағдайға түскен. Ол Өзбекстаннан табылды. Бұрынғы күйеуі – Успен ауданының тұрғыны заңды жұбайын тауып беру өтінішімен полицияға шағымданған», - деп қосып өтті облыстық полиция департаментінен.

Павлодар облыстық полиция департаменті көші-қон басқармасы бастығының орынбасары Қазбек Ахметовтің ықылассыз ата-аналар мен жосықсыз борышкерлерді іздеуге көп күш пен қаражат жұмсалатынын айтты.

«Жылдың басынан бері алимент және қарыз төлеуден жалтарып жүргендерді табу үшін полицейлер түрлі мекемелерге шамамен 700 сұрату салған. «Автопоток» және «Интегра» автоматтандырылған жүйелеріне көлік құралдары туралы мәліметтер енгізілді», – деп мәлімдеді ол.

Бұдан басқа, Қазақстан асып кеткен борышкерлерге қатысты хаттар сол елдердің ішкі істер органдарына хаттар жолданды, деп атап өтті Қ.Ахметов.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай