Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алимент төлеу қорына 38 млн теңге жиналған

Әділет министрі Марат Бекетаев алимент төлеу қорына 38 млн теңге жиналғанын мәлім етті.

Алимент төлеу қорына 38 млн теңге жиналған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда Алимент қорына жиналған жалпы сома – 38 миллион теңге. Алайда бұл соманың қалай жұмсалатынын білмеймін. Себебі Әділет министрлігі осы процеске қатыспайды. Бұл бюджеттің қаражаты емес, сот орындаушылардың қоры. Жиналған қаражат қалай жұмсалатынын солардан сұрау керек», – деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша алимент төлеуден бас тартқан адамдарға қосымша ықпал ету талаптары қарастырылып жатқан жоқ. Бұған дейін министрлік алимент төлемеген азаматтармен жұмыс жүргізу үшін құқық қорғау органдарымен және барлық әкімдікпен меморандумға қол қойған.

Соның арқасында алимент төлеуден жалтарған 2,5 мың адам жұмысқа орналастырылған.

Қазір оқып жатыр

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы

Энергетика министрлігі кей өңірде жарықтың сөнуіне не себеп болғанын түсіндірді

Электр жарығы