USD
USD
USD

Алимент төлемеген ер адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында 2 жыл бойы алимент төлемей келген ер адам сотталды.

Алимент төлемеген ер адам сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам әйелімен ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған ұлдарын асырау үшін табысының үштен бір бөлігін алимент ретінде төлеуге міндетті болған.

Алайда ол екі жыл бойы ақша бермей, қарызы 1 миллион теңгеге жетті.

«Алимент төлеуден жалтарған әке 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеліп, оған пробациялық бақылау тағайындалды. Енді сотталған азамат тұрақты жұмыс тауып, алимент төлемесе мәжбүрлі еңбекке тартылады. Жаза адамды қарыздан босатпайды. Еңбекке тарту – адамды тәрбиелеудің бір құралы ғана», - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД сол жағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Қайрат Қайнаров.

Сонымен қатар сотталғанға жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда бас бостандығын шектеу сол мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндірілді.

Қазір оқып жатыр

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот